ШҰҒЫЛ: АТЫРАУДА ЖОҒАЛҒАН ЕР АДАМ ТАБЫЛМАЙ ЖАТЫР

1 шілде күні сағат 22:35-те жоғалып кеткен азамат үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын Атырау облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағының» 10 қызметкері, 2 бірлік техника және 1 кинологиялық есебі жүргізуде.

Егер сіз осы адамды көрсеңіз немесе ол туралы қандай да бір ақпарат болса, сізден «112» немесе 45-00-00 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Үйден шықпас бұрын, туған-туыстарыңызға қай жерге баратыныңызды және қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Мұндай жағдайда, егер оқыс оқиға орын алса, «жедел құтқару жасағы» тез арада іздестіруді бастай алады!

Exit mobile version