АТЫРАУДАCOVID-19

Сovid-19: Атырауда науқастар артып, резервтік стационарлар ашылды

Фтизиопульманологиялық орталықта коронавирустық инфекциямен жаңадан түскен науқастар үшін 75 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18 сәуірдегі мәлімет бойынша, таңертең коронавирус  жұқтырған 584 науқас емделуде.

Жүктеме 28,2% (2068 төсекке) құрайды:

– үй жағдайында 1068 адам ем алуда;
– модульдік ауруханада-181 науқас;
– облыстық аурухананың инфекциялық стационарында-101 ;
– фтизиопульмалогиялық орталықта-25 ;
– аудандық инфекциялық стационарларда – 130;
– Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-147 науқас ем алуда.

Жансақтау бөлімінде 27 науқас жатыр, олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету  аппараттарына қосылған. Жүктеме 33,3% (81 төсекке) құрайды.

Атырауда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырып отыр.

Оның ішінде вирус анықталған 76 адам – Атырау қаласының тұрғындары. Инфекция жұқтырған 19 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

«Соңғы тәулікте Жылыой ауданынан 1, Индер ауданынан 7, Құрманғазы ауданынан 4, Исатай ауданынан 2, Мақат ауданынан 1 тұрғыннан инфекция расталды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда 44 науқаста инфекция симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте 25 адам коронавирустан сауығып шықты.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау «қызыл аймақта» қалып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button