АТЫРАУДА

СҮЙІНШІ!!! Серік Қамидолла ақталып шықты!

Кездесу қысқартылған тәртіпте онлайн режимінде өтті.

Прокурор лауазымды тұлғаны өмір бойына мемлекеттік қызметти атқару құқығынан айыруды, сондай-ақ 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салуды сұраған еді.

Алайда, Серік Қамидолланың отбасылық жағдайы мен өз кінәсін толық мойындағанын ескерген сот шенеунікті қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Айта кетейік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы наурыз айында ұсталып, ҚР ҚК-нің «пара алу» және «Алаяқтық» баптары бойынша айыпталған еді. Алайда оның пара алғаны дәлелденбеді. Тек қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап бойынша айыпталды. Бұл жерде Серік Қамидолланың кәсіпкерлерден мұқтаж жандарға көмектесуді айта кеткен жөн.

Серік ҚАМИДОЛЛА, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Сол күні алдыңда халқың тұр деп ішкі істер қызметкері айтқанда мен қатты қуандым. Мен босқа жүрмегенімді, халқыма адал қызмет еткенімді білдім. Сондықтан халық, біздің мемлекет халықтан тұрады. Мен халқыммен бақыттымын. Мен халықпен біргемін.

Серік Қамидолла халық қалап тұрса қызметімді жалғастыруға дайынмын деп отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

  1. АТЫРАУДА ПАРАҚОРЛАРҒА ЕНДІ ЖОЛ АШЫЛДЫ ДЕЙ БЕР. СЕРІК ҚАМИДОЛЛАНЫҢ АЙЛАСЫ БӘРІНЕН АСЫП ТҮСТІ: ПАРА АЛАТЫН БОЛСАҢ АЛДЫН АЛА ЖИЫРМА- ОТЫЗ ШАҚТЫ ЖАҚЫН ЖУЫҚ, ЖАҚЫН ДОСТАРЫҢНЫҢ АУЫЗДАРЫН ЖАҚСЫЛАП ТҰРЫП «МАЙЛАЙСЫҢ». ЖАМАН АЙТПАЙ ЖАҚСЫ ЖОҚ, ЕГЕР ПАРА АЛУ ҮСТІНДЕ ҰСТАЛА ҚАЛСАҢ ӘЛГІ АУЗЫН МАЙЛАҒАН ЖАНДАЙШАПТАРЫҢ САҒАН ЖАҚСЫ ҚОЛШОҚПАР БОЛАДЫ: ЖЕЛІГЕ СЕНІ МАҚТАП МАҚТАП ВИДЕОЛАР ЖҮКТЕЙДІ, ОЛ АЗ БОЛСА БЕЙШАРА МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА ӨКІМЕТТЕН БӨЛІНГЕН АЗ МҰЗ КӨМЕГІН «БҰНЫ САҒАН СЕРІК ҚАМИДОЛЛА ЖАСАДЫ» ДЕП, ОНЫ ДА ВИДЕО АРҚЫЛЫ ЖАРИЯЛАУЫН ТАЛАП ЕТЕДІ. АСҚАР МАМИН СИЯҚТЫ ЫҚПАЛДЫ АДАМНЫҢ АТЫН ЖАМЫЛЫП ВАТСАПҚА ПАРАҚОРДЫ ҚОЛДАЙЫҚ ДЕП ЖАР САЛАДЫ, СОТ ПЕН ӘКІМДІКТЕРДІҢ АЛДЫНА БАРЫП АЙҚАЙ ШЫҒАРАДЫ, ӘЙТЕУІР СЕНІ ҚҰТҚАРЫП АЛАДЫ. НАҒЫЗ БОЛМАЙ БАРА ЖАТЫРСА СОТ КЕЗІНДЕ «БІРІНШІ РЕТ ПАРА АЛЫП ТҰРМЫН, БҰРЫН СОҢДЫ АЛЫП КӨРМЕППІН, ӨКІНІП ТҰРМЫН» ДЕП МҮЛӘЙІМСИ САЛСАҢ БОЛДЫ, ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛЫП ШЫҒА КЕЛЕСІҢ! ЙӘ, БҰЛ ҚОҒАМЫМЫЗДА БОЛМАҒАН БІР СЕНСАЦИЯ БОЛДЫ… ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП. ЖҮРЕ БЕРСЕҢ КӨРЕ БЕРЕСІҢ ДЕГЕН, ТАҢ ҚАЛМАЙТЫН БОЛДЫҚ.

Back to top button