ТӘП-ТӘТТІ КІТАПТАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Атырау облысындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақтың көрнекті ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған «Абай әлемі» ғылыми-танымдық фестивалі өтуде. Оның аясында мектеп қауымдастығы Абай шығармаларына негізделген тәтті кітаптардан торттар жәрмеңкесін ұйымдастырған.

« Мектебімізде жыл сайын «Кітап-фест» жобасы жүзеге асып келеді. Бұл жобаның мақсаты жалпы мектеп қауымдастығының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Биылғы «Кітап-фест» тақырыбы «Абай әлемі» ғылыми-танымдық жобасымен тұспа-тұс келгендіктен ақынның еңбектеріне арналып отыр» –   depti мектептің баспасөз хатшысы Әнуар Жаманқұлов.

Exit mobile version