АТЫРАУДА

ТАНЫСЫНЫҢ ҮЙІНЕН 14 000 ДОЛЛАР ҰРЛАҒАН АТЫРАУЛЫҚ, ПОЛИЦИЯНЫ ШАТАСТЫРМАҚ БОЛҒАН

Атырауда 47 жасар азамат өзінің танысының үйіне кіріп 14 000 доллар және зергерлік бұйымдарды қолды қылған.

Өзіне күдік тудырмау үшін ол терезелерді сындырып, сейфті аулаға шығарып тастаған. Содан кейін үй иесіне хабар берген.

Полиция депаратаментінің айтуынша, оқиға орнына барған бойда тонаушылар туралы хабарлаған жігіттің берген жауабында сәйкеспейтін тұстардың көп болуы және басқа да бұйымдар мен 1,5 млн теңгеге ешкімнің тиіспегендігі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көңіліне күдік ұялатқан.

Ақыр соңында, аталған азамат жасаған қылмысын мойындап, оның қалтасынан ұрлаған заттар мен ақша табылған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button