АТЫРАУДА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНДЕ ВАХТАЛЫҚ АУЫСЫМ БАСТАЛДЫ

ТШО компаниясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, ҚР  барлық ережелері мен  талаптарына сай келетін жұмысшылардың вахталық ауысымының жоспарын жасақтады. Қызметкерлердің вахталық ауысымының негізгі мақсаты ұзақ мерзімде Теңіз кенішінде жатқан қызметкерлерді қауіпсіздікті сақтай отырып алмастыру, өндіріс өнімділігін үздіксіз жалғастыру.

«ТеңізШевройл» мен оның мердігер компаниялары вахталық ауысымын 15 маусымнан бастап қалпына келтірді.

Теңіз кенішіне вахтаға кететін қызметкер ең әуелі өзін-өзі оқшаулап, ПТР сараптама жасатып, өзінің қызметтік міндеттеріне жарамды екендігін нақтылауы тиіс. Содан кейін ол жұмысын жалғастыра алады. Бұл міндетті талап.

Вахталық ауысымға келген қызметкерлердің барлығы санитарлы талаптарға сай, таза блоктарға жатқызылады.

Қызметкерлердің кенішке жеткізілуі жүйелі түрде жүргізіліп, шамамен шілде айының ортасына дейін жалғасады.

Ескертеміз, Теңіз кенішінде барлық қызметкерлер санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Оқшаулану, ПТР тест тапсыру, бетперде тағу, қолғап кию және жеке бас гигиенасын сақтау басты шарт. Егер аталған талаптар сақталмаса, келісімшартқа сәйкес шара қолданылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button