АТЫРАУДА

«ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН 50 % КЕМІТТІ

 «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік желіде тараған бұйрықтың фэйк емес екендігін растады.

Короновирус індетінің ауқым алуына қарсы тұру үшін ТШО шұғыл емес жобаларын уақытша тоқтатты.

Осы тоқтаған жобаларда жұмыс жасайтын қызметкерлер ҚР Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес және ұжымдық келісім-шарт негізінде жалақы алады.

Әлеуметтік желіде тараған бұйрыққа қысқаша толқалсақ:

  1. 2020 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін қарапайым (простой) жалақы төленетіндігін жариялау;
  2. Уақытша берілетін қарапайым жалақының 50 пайызын қызметкерлерге төлеу;
  3. Қосымшада көрсетілген қызметкерлерді уақытша жұмыстан босату.
whatsapp image 2020 06 30 at 11.26.37 1

Ескере кететіні, ТШО компаниясының мұндай шешімге келуіне қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігін себеп болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button