Теріс діни ақпаратты желіге жүктеген…

Атыраулық полицейлер
тыйым салынған діни ақпаратты желіге жүктеген 21 жастағы азаматты анықтады.

2000 жылы туылған Атырау қаласының тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған діни сипаттағы (ҚР аумағында тыйым салынған) аудиожазбалар орналастырған.

Атырау облысы Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс жүргізу шешімі үшін жиналған материалды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберді.

Exit mobile version