ҮСТЕМАҚЫНЫ БАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР АЛАДЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан алуы керек үстемақыны, ұстаздар әлі алмаған.

«Қаламызда 61 мектеп бар. Тарифтерге байланысты барлық құжаттар тексеріліп, қазынашылық басқармаға тапсырылады. Жалпы үстемақыны төлеуді бастадық, ұстаздардың барлығы тиісті үстемақысын алады» – depti Атырау қалалық білім беру басқармасының басшысы Фаруза Шангереева.

Басқарма басшысының айтуынша бұл мақсаттағы қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен төленеді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Мұғалім мәртебесі» туралы заңға қол қойып, мектеп мұғалімдерінің жалақысын 25 пайызға көтеріп, магистрлік, сынып жетекшілік және дәптер тексергені үшін қосымша ақы төленуі керектігін атап өтті.  

Exit mobile version