АТЫРАУДА

Үздік Сағат

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында республикалық жазғы президенттік көпсайыс өтті.

Ерлер арасында 50-59 жас категориясы бойынша I орынды Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылындағы Махамбет атындағы орта мектептің дене шықтыру пәнінің мұғалімі Азанов Сағат жеңіп алды. Ақтау қаласындағы “Маңғыстау-Арена” спорт кешенінде өткен республикалық жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар президенттік көпсайыс ережесіне сәйкес, қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру, турникке тартылу секілді сынақтардан сүрінбеуге тырысты. Осы үш сайыстың нәтижесі бойынша жарсуаттық жерлесіміз жеңімпаз атанды. Жүлделі II-III орындар Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген спортшыларға бұйырды. Жеңімпазға «ҚР үздік дене шынықтыру мұғалімі» төсбелгісі мен арнайы диплом және медаль табысталды.

Сағат ұстаз сабақтан тыс уақытта ауыл балаларына тоғызқұмалақ ойынын үйретіп, жас туристерге арналған «Саяхат» үйірмесі мен футбол секциясын жүргізеді. Шәкірттері шаңғы спортынан екі жыл қатарынан аудандық жарыста топ жарған. Ал футбол жарыстарында аудан көлемінде жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Жерлесіміздің жеңісі – облысымыздың мерейі. Спортты серік еткен Сағат Азановқа облыс мерейін асыра беруіне тілек білдіріп, зор денсаулық, толағай табыстар тілейміз!

Алмас БАУЫРЖАНТЕГІ

img 20210628 wa0118
img 20210628 wa0116

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button