АТЫРАУДАCOVID-19

Вакцина алып, 10 миллион теңге ұтып ал!

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев брифинг барысында індет басталғалы өңірде 1 млн 292 мың ПТР-зерттеу жүргізілгенін атап өтті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Биыл аймақта 1 ақпан мен 12 шілде аралығында 115019 (81%) адам вакцина алды. Ең жоғары көрсеткіш құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен (165,07%) тіркеліп отыр. Ал, ең төменгі көрсеткішті созылмалы аурулары бар науқастар (19,02%) мен студенттер (21,77%) құрап отыр» деді ол.

Міне, осы орайда, тұрғындарды ынталандыру үшін демеушілердің қолдауымен және «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ ұйымдастыруымен 30 маусымнан вакцина алатындар арасында ақшалай ұтыс ойыны басталды. Жалпы жүлде қоры – 40 миллион теңге, басты жүлде – 10 миллион теңге.

30 маусымынан 200 мың теңгелік 10 сертификат әр он күн сайын 30 қыркүйекке  дейін – вакцинаның I немесе II компонентін алған адамдар  арасында ойнатылады. Тамыз айында 30 маусым мен 31 шілде  аралығында вакцина алғандар үшін 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ұтысқа түседі. Ал, 1-31 тамыз аралығында екпе алғандар үшін қыркүйекте  тағы 3 миллион теңге көлемінде 2 сертификат ойнатылады. 

Қазан айында өтетін 10 миллион  теңгелік басты ұтысқа 1 ақпаннан 30 қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші немесе екінші компонентін алған тұрғындар қатыса алады. Жеңімпаздар «Азаматтық Альянс» ҮЕҰ сайттарында  белгілі блогерлердің қатысуымен тікелей эфир арқылы анықталады. Сондай-ақ, осы бағытта сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында да түрлі шаралар өткізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button