«Worldskills Atyrau-2021» чемпионаты бастау алды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірде VI «Worldskills Atyrau-2021» чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшы мәртебесін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, жастарды аталған салаға тарту.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өкілдері және жұмыс беруші әлеуметтік серіктестер қатысты.

Exit mobile version