АТЫРАУДА

Жәрмеңкеде тауық жұмыртқасы 25 теңгеден сатылды

Атырауда 3 жерде тұрақты түрде жәрмеңке өтеді, depti Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданында әрбір сенбі күні, «Береке» және «Балықшы» ықшам аудандарында әр жексенбі күндері сағат 09:00 ден күндізгі 13:00 ге дейін жергілікті тауар өндірушілер мен көтерме сауда иелері бірінші тұтынатын азық түлік өнімдерін халыққа ұсынуда.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Р. Давлетов:

«Тұрғындарға азық-түлік өнімдері қолайлы бағада сатылуда: жұмыртқа-25 теңге, картоп-80 теңге, сәбіз- 85 теңге, пияз-70 теңге және ет, сүт, өнімдері де саудалануда», – деп атап өткен.

Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы 8-9 ақпан күндері өткен жәрмеңкеге 50 кәсіпкер қатысып 30 тонна өнімдерін саудаға шығарды деп мәлімдеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button