«Балық кәсіпшілігін бақылау мақсатында көктемгі және күзгі балық аулау маусымында, балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген учаскелерде және балық қабылдау бекеттерінде балық қорғау қызметкерлері жұмыс жасады. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде 2019 жылы бөлінген лимиттің нақты игерілуі 85%-ды құрады, табиғат пайдаланушылардан балық ресурстарын пайдаланғаны үшін мемлекет бюджетіне 223,3 млн теңге түсті. Ал мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында бекіре тұқымдас балықтың 281 дарағы 2 бекіре өсіру зауытына беріліп, кейіннен Жайық өзеніне 7 млн дана бекіре шабағы жіберілді», – depti Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Рүстембек Куркутов.