АТЫРАУДА

Жаңа әкім тағайындалды

Атырау қаласының әкімі Қ.Уразбаевтың 2021 жылғы 24 мамырдағы №191 өкіміне сәйкес Ақсай ауылдық округінің әкімі болып Тұрмұхан Боранбай Сағындықұлы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақсай ауылдық округі әкімінің аппаратына жаңа әкімді қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Ә. Жанғалиев таныстырды. Тұрмұхан Боранбай 1959 жылы туған. 1981 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, мал дәрігері мамандығын алған. 1981 жылдан Махамбет ауданында малдәрігері болып қызмет еткен.2000 жылдан мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман лауазымында жұмыс жасаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button