Желіде Көптоғайдағы көтеріліс туралы жалған ақпарат тарады

screenshot 20210418 131823
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы, Құрманғазы ауданына қарасты Көптоғай ауылында орын алып жатқан көтеріліс туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видео Маңғыстау облысында өткен «Қалқан – 2021» әскери жаттығуында түсірілген кадрлар.

«17 сәуір күні кей электронды ресурстарда Көптоғайдағы көтеріліс туралы жалған ақпарат таратыла бастады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейді. Видеода Маңғыстау облысында өткен «Қалқан – 2021″ әскери жаттығуындағы кадрлар пайдаланылған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ақпарат таратпауға шақырады » деп нақтылады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.