Жолдар кеңейіп, бағдаршамдар көбеймек

Қалаішілік 5 көше жолдары жаңғыртылады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, жақында Әуезов-Азаттық қиылысындағы Балықшы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы ашылған болатын. Жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бірнеше күн бұрын аяқталып отыр.

Жолды қайта жөндеу кезінде аталған аумақ айтарлықтай өзгерді. Яғни, бұрынғы айналма жолдың орнына қазір екі қарама-қарсы бағыттағы кең жолақты жол салынды. Қиылыстағы қозғалысты 4 бағдаршам реттейді. Одан бөлек, 4 бағыт бағдаршамға бағынбайтын қосымша жолақтармен қамтамасыз етілген.

Бұл құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін және қозғалыс толық көлемде қайта басталған кезде қиылыстағы қозғалысты айтарлықтай жеңілдетеді. Ал тұрғын қалашығындағы (Жилгородок) көпірден АМӨЗ-ге дейінгі бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда.

Exit mobile version