АТЫРАУДА

«Жұмыскер-Балықшы» көпірі кезінде сапасыз салынғандықтан, мамырда жөнделмек

Ағымдағы жылдың мамырына Жұмыскер-Балықшы көпірін жобалық параметрлерді қалпына келтіре отырып,​ жөндеу жоспарланған.

– Кезінде көпір сапасыз салынған. Орталық көпірдің жөндеуі бойынша желілік құбырларға арналған жеке технологиялық көпір мен көпір осін сақтай отырып,​ ​ жобалық-сметалық құжат дайындалуда.Барлық жұмыстар бойынша әкімдік өз парақшасында тиісті акпаратты жариялап тұрады.

Барлық аталған маусымдық жұмыстар жақын уақытта сол қарқынмен жалғасатын болады. Қалада маселелер жетерлік,​ тазалыққа, қолжетімділікке аса назар аударылуда. Бұл бағытта жұмыс тұрақты жүргізіліп тұрады. Осының бәрі қала әкімдігінің​ ерекше назарында. Қалаға жаңа контейнерлер мен жаңа​ қоқыс тасығыш​ техникасы жеткізілді.Барлық аталған жұмыстар қысқа мерзімде, жоспарланған қарқынмен, мониторингте жүргізілетін болады.

Қаламыз өсіп, дамып келеді, қаланы абаттандыру бойынша​ жаңа маселелер пайда болып және ескі​ мәселелер шешімін талап етеді. Қалалық әкімдік бұл бағытта үнемі жұмыс жүргізеді, жағдай күн сайын бақыланады, мониторинг жүргізіліп тұрады қаланы абаттандыруға ерекше назар аударуға тырысамыз. Әкімдіктің парақшасында барлық жүргізілетін жұмыстар мен іс-шаралар бойынша тиісті ақпараттар жарияланып тұрады, – деп түсіндірді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев фейсбуктегі парақшасында.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button