АТЫРАУДА

ЖЫЛЫОЙДА ОБЛЫСТАҒЫ АУДАНДАР АРАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ СЕРВИСТІК ӘКІМДІК АШЫЛДЫ

Жылыой ауданы азаматтарының барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта оңай әрі тез шешімін табатын сервистік әкімдік ашылды. Енді тұрғындар, ауданның әр түкпірінде орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ бірнеше қызметті бір ғимаратта ала алады, – depti «Atyrau – adaldyq alany» жобалық кеңсесінің қызметкерлері.
Жаңа бастаманың тұсау кесеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары және «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі қатысты. Салтанатты жиында Жылыой ауданы әкімі Халел Жамалұлы бұл бастама азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға негізделіп, қысқа уақыт аралығында қажетті қызметті алуға көмектесетінін айтып жеткізді.


Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа «бір терезе қағидатымен» әлеуметтік маңызды мәселелер боынша мемлекеттік қызметтер мен кеңес беру, көмек алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғимарттағы «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы мен «Атырау – адалдық алаңының» Жылыой аудандық жобалық кеңсе өкілі тұрғындарға тиімді қызметтер ұсынады.
Сервистік әкімдік мақсаты — жемқорлықпен күресіп, кәсіби қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету. Сонымен қатар тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешіп, әкімдердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.
Айта кеткен жөн, бұл бастама облыстағы аудандық әкімдіктер ішінде ашылған алғашқы нұсқа болып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button