Жылыойлық 18 жасар жеткіншек миллион теңге ұтып алды

by Depti
0 views

Коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғандар арасындағы ақшалай ұтыстың 8-ші кезеңі қорытындыланды – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кезекті лотореяда 1 миллион теңге ойнатылды. Ұтыстың қомақты қаржысын Жылыой ауданының тұрғыны Әділбек Қамидолла иемденді. Бұдан бөлек, 10 адам 200 мың теңгелік сертификат ұтып алды.

– Миллион ұтып алдың, келіңіз деп шақырғанда сенбей келдім. Тек, қолыма сертификатты бергеннен кейін ғана рас дүние екеніне көзім жетті. Екпе алғаннан кейін, ақша ұтамын деп ойлаған жоқпын. Ұйымдастырушылар мені әрең тауыпты. Себебі,  мен ауылда, мал шаруашылығыммен айналысып жатқан едім. Өте қуаныштымын! – деді, миллион ұтыс иегері Ә.Қамидолла.

Еске сала кетейік, «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтіп жатқан бұл лоторея  2021 жылдың 30 маусымында басталды. Содан бері,   вакцина алғандар арасында әр 10 күн сайын 200 мың теңгелік сертификаттар ойнатылып, жеңімпаздары анықталып келеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com