Атырауда қауіпті су қоймаларында 28 адам көз жұмған

by Depti
0 views

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті​ Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, майор Бақыт Абланов айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

–  Мәселен, биыл қауіпті су қоймаларында 28 тұрғын ажал құшты. Оның ішінде, 10 бала бар.

Атырау қаласында 17, Индер ауданында 10, Махамбетте 19, Құрманғазыда 2, Жылыойда 7 және Қызылқоғада 15 қауіпті су қоймасы бар.

Бұл жерлердің бәрінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.  Балық аулауға шығатын тұрғындардың арасында​ суға бату деректері тыйылмай тұр.

Ал, аң​ аулаушылар көп жағдайда орман өртінің тұтануына себепші болып жатады. Атырау қаласы, Жылыой мен Құрманғазы аудандарында жедел құтқару қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасайды, – деді ол.

Сондай-ақ, спикер соңғы кезде балалардың терезеден құлау дерегі азаймай тұрғанын айтып, ата-аналарды мұқият болуға​ шақырды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com