Оқиға Ақтауда 17 шағын аудандағы «Aktau Plaza» тұрғын үй кешенінде болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Бұл туралы Orda.kz lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Aktau Plaza» ТК тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да бірінші қабаттан адамдар мінген лифт шахтаға құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Адамдар бір-біріне шығуға көмектесті.
– Бұл төтенше жағдай кезінде лифт ішінде қолында нәрестелері бар жас аналар болды. Бұл не сұмдық? Бұл біздің үйдегі бірінші жағдай емес, – деп шағымданады үй тұрғындары.
Тұрғындардың айтуынша, мердігер бұл жағдайды біледі, бірақ ешқандай шара қолданбай отыр.
Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, үйдің жартысынан көбі шамамен бір жыл бұрын қоныстанғанынмен әлі күнге дейін пәтерлерге ешқандай құжаттар алған жоқ. Пәтерлерге газ да қосылмаған.