АТЫРАУДА

«ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН» ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ҮЙРЕТІЛДІ (+фото)

Облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектептердің 35 педагогы «Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балалармен олардың отбасыларына дағдарыстық көмек көрсету және алдын-алу» тақырыбында білім жетілдіру курсына қатысты. Атырау облысының орта білім беру жүйесін дамытуға жәдемдесу мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ағымдағы жылдың 20-24 қыркүйек күндері аралығында өңірдегі мектеп қызметкерлеріне әдістемелік тәжірибе таратты.

Оқушыларға психо-педагогикалық көмек көрсету курсына жалпы білім беретін мектептердің әдіскерлері, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Олар өмірлік қиын жағдайларға кезіккен оқушылармен жұмыс, «қиын балалардың» отбасыларына көмек көрсету және өз-өзіне қол жұмсауға алып келетін факторларды алдын-алудың негіздерін қарастырды.

img 20210927 wa0043
img 20210927 wa0045

Семинар-тренинг бағдарламасында мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар жасөспірімдердің өмірлік қиындықтарына байланысты терең талдау жұмыстарын жүргізу, мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балаларды анықтау, оларға ден қою, уақтылы және кәсіби әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету тәсілдерін үйренді. Курсқа қатысушылар әртүрлі жағдайларда жасөспірімдерге қолдау көрсету, атап айтқанда отбасындағы зорлық-зомбылық, ата-анасының ажырасуы, жақындарының қайтыс болуына байланысты қайғы- қасірет шегу сынды жағдаяттар бар. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасындағы әлімжеттік, ғаламтордағы кибербуллинг жағдайларын шешуге қатысты тәжірибе алмасты. Нәтижесінде, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар жедел диагностикалық құралдармен жұмыс істей білу, күйзелістегі жасөспірімдерді қолдау және олардың ата-аналарына психологиялық кеңес беру жөнінде жан-жақты ақпараттармен танысты. Білім жетілдіру курсын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің аймақтарынан келген тәжірибелі педагог-психологтар жүргізіп, нәтижеге бағытталған дағдыларды қалыптастыру бойынша өз шеберліктерімен бөлісті.

Бес күндік білім жетілдіру курсының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ атынан оқушылардың әл-ауқаты департаментінің директор орынбасары Күләш Сәлімбаева сертификаттарды табыстады.

img 20210927 wa0042
img 20210927 wa0044

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button