Атырау облысының әкімдігінде вакцинация пункті ашылды

by Depti
2 views


Мемлекеттік қызметкерлерді вакцинациялау үшін егу пункті үлкен-коференц залында ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мұнда дәрігерлердің екі жылжымалы бригадасы жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметкерлерді вакцинациялау үшін денсаулық сақтау басқармасы 200-ге жуық “Спутник V”вакцинасын бөлді.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласы бойынша өндірісте, кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерді вакцинациялайтын 6 өтімді мобильді бригада жұмыс істейді.

Атырауда мереке күндері де вакцинация пункттері жұмыс жасайды

1-3 мамыр аралығындағы демалс күндері  Атырау қаласында,  аудандар мен ауылдарда егу пункттері өз жұмысын жалғастырады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, аймақта вакцинация процесі тоқтамайды және облыс тұрғындары мамыр айындағы демалыс күндері вакцинаны еш кедергісіз  алуына болады. 

– Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келеді. Осыған байланысты біз мереке күндері де вакцинациялау пунктері жұмысын тоқтата алмаймыз. Бірақ, егу пункттерінің жұмыс кестесінде ғана кішкене өзгеріс болады. 1,2 және 3 мамырда егу орындары сағат 9.00 – ден 17.00-ге дейін қызмет көрсетеді, – деп қорытындылады Асхан Байдуәлиев.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com