COVID-19: Атырауда ауру жұқтырғандар азайды

by Depti
0 views

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУДА 34 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ.

Соңғы тәуліктегі мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны азайды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Вирус жұқтырғандар арасында Атырау қаласынан 21 науқас бар. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқас анықталды.

Облыс аудандарында да жұқтырғандар саны азайды. Соңғы тәулікте Жылыой ауданының 2, Исатай ауданының 3 тұрғынында Covid-19 расталды,
ал, Қызылқоға, Махамбет және Мақат аудандарында бір оқиғадан.

Коронавирустық инфекциясы бар 14 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 56 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта  750 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 164, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 80, аудандық инфекциялық стационарларда – 104 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 139 науқас емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақта қалып отыр.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com