COVID-19: Атырауда облыстық аурухана науқастарды қайта қабылдай бастады…

Облыстық №2 аурухананың жұқпалы аурулар стационары індеттің өршуіне байланысты науқастарды қабылдауды қайта бастады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

8 сәуір күнгі мәлімет бойынша,  200 орынға есептелген модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында таңертең 190 науқас болған. Түсте тағы да пациенттермен толықты. Бүгінде аталған ауруханада 17 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың алтауы өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған, олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Қалған науқастардың жағдайы орташа ауыр.

№2 Облыстық аурухананың бас дәрігері Мағжан Сиджановтың айтуынша, инфекциялық стационарға 11 науқас жатқызылды. Аурухана барлығы 180 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 120 орын коронавирустық инфекциясы бар науқастар үшін дайындалды.

Exit mobile version