COVID-19Әлемде

Ресейлік ғалым: «Коронавирустың жаңа толқыны басталуы мүмкін…»

Ресей ғалымы елде коронавирустың жаңа толқыны өршитін болжамды кезеңді атады, деп хабарлайды Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Теlegram-каналы.

Ресейлік ғалым елде коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін мерзімдерді атады. Вирусолог Евгений Тимаков індеттің қайта өршуі туралы ескертті. Оның пікірінше, эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, вирус жұқтырғандардың саны қыркүйектің соңында демалыс маусымы аяқталып, барлығы үйлеріне оралған кезде өседі. Өткен тәулікте Ресейде 21 378 COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді. Эпидемия басталғалы елде барлығы 6 491 288 жағдай анықталды, олардың 166 442-сі қайтыс болды.

Таиландта бір күнде 235 адам коронавирустан көз жұмды. Өлім-жітімнің максималды тәуліктік өсімі мұның алдында 7 тамызда тіркелген болатын – 212 жағдай. SARS-CoV-2 құрбандарының жалпы саны 6 588 адамға жетті. Өткен тәулікте COVID-19 жұқтырудың жаңа 843 жағдайы анықталды. Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 795 951-ге жетті. Иммундау басталғаннан бері Таиландта COVID-19 вакцинасының 21 миллионнан астам дозасы егілді. Бангкок пен Пхукет туристік орталығы халқының 70% астамы вирусқа қарсы вакциналанды.

Иранда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 4 238 676 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім еткен. Өткен тәулікте ғана індетке шалдығудың 39 139 жаңа жағдайы және 508 көз жұму дерегі анықталды. Бүгінгі таңда пандемия 95 111 адамның өмірін қиды. 11 тамыздағы жағдай бойынша, бүкіл ел аумағында 13 520 127 адам COVID-19 вакцинасының кем дегенде бір дозасын алды, 3 274 980 адам вакцинацияның толық курсынан өтті.

АҚШ-та пандемия басталғаннан бері КВИ инфекциясын жұқтырудың шамамен 36 миллион дерегі тіркелді. Алты айда алғаш рет күніне 100 мыңнан астам инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды. Бір айда ауруханаға жатқызу көрсеткіші 8 есеге өсті. 50 аурухана билік органдарынан көмек сұрауда. Ауруханаларда пациенттердің ағынымен күресу үшін қызметкерлер жетіспейді. Дәрігерлер «дельта» штамы әсерінен пациенттердің жас шамасы едәуір жасарғанын, 40 жасқа дейінгі адамдардың реанимацияға түсіп жатқанын, балалар арасында инфекция күннен-күнге артып отырғанын айтады. Ауруға шалдығу жағдайларының көпшілігі Луизиана, Флорида, Техас, Алабама штаттарында орын алуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button