Жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың 8-і өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
14 сәуірдегі мәліметке сәйкес, аймақта COVID-19 жұқтырған 498 адам емделуде. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 1993 төсекке шаққанда 25,7% – ды құрайды.
Атап айтқанда, 802 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 173, облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 81, аудандық инфекциялық стационарларда – 113, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 131 науқас ем алуда.
Жансақтау бөліміндегі жүктеме 71 төсекке, яғни 42,3% – ды құрайды.