15 000 ТЕҢГЕ КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?
ҚР Индустрия және инфақұрылымдық
даму министрлігі коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңге төлем
кімдерге жасалатынын жариялады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ағымдағы жылдың
9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің
шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі № 212 бұйрығы)»
деп хабарлайды ведомстводан. Мәліметке сай, белгілі бір санаттағы адамдармен
бірге тұратын отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді өтеу
бойынша нормалар енгізілген:
Атап айтқанда: 1) 1, 2, 3 топ мүгедектері;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан
соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
4) көп балалы отбасылар;
5) ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер,
жалғызбасты зейнеткерлер;
6) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті
орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде,
адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс
болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар. Бұдан басқа,
коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша төлемдерді жергілікті бюджеттен өтеген
жағдайда әкімдіктерге алушылардың санатын, өтеу шарттары мен тәртібін анықтау
бойынша мүмкіндік берілді.