20 түйенің неден қырылғаны белгілі болды

82f9b7813643484fdf8143bdb3e27131 resize w 742 h 365
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағасында 20 түйенің өлексесі табылған болатын.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған еді.

Мамандар жануарлардың ерте көктемде суға кеткенін алға тартып отыр.

– Қатты дауылдан жануарлардың өлексесі жағаға шығып қалған. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық ветеринарлық станция түйелердің өлексесін жою бойынша жұмыстар жүргізуде, – делінген мәлімдемеде.