50 мың теңге алу үшін төлем жүргізу қажеттігі туралы ақпарат тарады…

db1004bf60284bdab62981eb5e68f535 1280x720
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 50 мың теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындау бойынша қызметтер үшін 3120 теңге мөлшерінде төлемді жүзеге асыру қажеттігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тағайындалуі міндетті түрде қандай да бір төлемдерді аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер жоқ екенін хабарлайды.

«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз» делінген ресми хабарламада.