Қазақстанда

Айдос Сарымның әкесі өмірден өтті…

Қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Сарым дүние салды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

  • «Ардақты ағайын.Асқартаудай әкеміз, қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды. Пандемиядан туындаған талаптарға сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүрміз» деп жазды Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өзінің Фейсбук парақшасында.

Қаралы хабарды Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жеткізді.

«Айдос Сарымның әкесі Әміролла ағамыз өмірден өтті деген қаралы хабар жетті. Қазаның арты қайырлы болсын. Бекем бол, Айеке! Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты», – деп жазды ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button