БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕР ДЕМІГІП, ҚАТТЫ НАУҚАСТАНЫП ЖАТЫР (ВИДЕО)

23498605 131446970899626 8508882829638107136 n
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Белгілі кәсіпкер, қоғамдық белсендісі, өзінің қайырымдылығымен көзге түскен Қайрат Құдайберген науқастанып жатыр.

Үш күн бойы дене қызуы көтеріліп, короновирусты анықтайтын ПТР тест тапсырғаны белгілі болды. Ол өзінің ауырып жатқанын бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Сонымен қатар короновирусқа тапсырған тестің жауабын күтіп жатқанын және ауру белгілері сәйкес келетінін де жасырмады. Бейнежазбадан кәсіпкердің демігіп, сорға сөйлеп жатқанын  байқауымызға болады.

Қайрат Құдайберген сақтық шараларын сақтамай, індеттің барына сенбей бейқам жүргендердің сақтануы керектігін ескертті.