Елімізде арақтың арзан бағасы бекітілді

by Depti
1 views

Қазақстанда арақ пен ликер-арақ өнімдерінің бөлшек саудасы үшін ең арзан баға бекітілді. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин сәйкес қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі арақ және ащы ликер-арақ өнімдерінің 1 литрі үшін 1 980 теңге көлемінде ең аз бөлшек сауда бағасын орнату туралы қаулы етеді. Бұл туралы “Спутник Қазақстан” жазады.

Қаулыға 31 наурызда қол қойылды және құжат ресми түрде жарияланған алғашқы күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 10 сәуірде күшіне енеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com