Қазақстанда

Елімізде арақтың арзан бағасы бекітілді

Қазақстанда арақ пен ликер-арақ өнімдерінің бөлшек саудасы үшін ең арзан баға бекітілді. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин сәйкес қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі арақ және ащы ликер-арақ өнімдерінің 1 литрі үшін 1 980 теңге көлемінде ең аз бөлшек сауда бағасын орнату туралы қаулы етеді. Бұл туралы «Спутник Қазақстан» жазады.

Қаулыға 31 наурызда қол қойылды және құжат ресми түрде жарияланған алғашқы күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, яғни 10 сәуірде күшіне енеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button