“Енді бұл тағамдарды жеу өте қауіпті…”

by Depti
0 views

Диетолог Михаил Гинзбург 60 жастан асқан адамдарға қанттан бас тартуға кеңес берді, себебі бұл өнім қарттар үшін қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлады Народные Новости.

Дәрігердің айтуынша, сондай-ақ тосап пен балдан бас тарту керек. Шайға қант салуды, кәмпит пен басқа да тәттілерді жеуді әдетке айналдырмаған жөн. Дәрігер қанттың тәуліктік максималды мөлшері 20 грамм екенін ескертті.

Гинзбург сонымен қатар күнбағыс майын пайдаланбауға кеңес берді, өйткені артық май қышқылдары егде жаста қабынуды тудырады, көңіл-күй мен мінез-құлыққа әсер етеді. Оны зәйтүн майымен алмастыруға болады.

Қызыл ет, атап айтқанда, шошқа, сиыр және қой еті де зиянды. Оның орнына құс пен балықты көбірек жеу керек. Еленген ұннан жасалған өнімдер, ақ нан, туралған батон, картоп, күріш те ағзаға зиянын тигізуі мүмкін.

Сарапшының айтуынша, қартайған кезде көкөністерді, сарымсақ пен пиязды көбірек жеу керек. Ашытқан сүт сусындарын, ірі дәнді дақылдарды тұтыну пайдалы.

“sputnik.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com