Қазақстанда карантин күшейтілді: жаңа қаулы күшіне енді

by Depti
3 views

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжат аясында «Ішкі және халықаралық авиарейстердегі карантиндік талаптар туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 71 қаулысына бірқатар өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, тәуекелі жоғары қауіпті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі әуежайлар ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу ұйғарылды.

Одан бөлек, «Қазақстан Республикасындағы темір жол қатынастарында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №55 қаулысына тәуекелі жоғары қаупті (қызыл аймақ) өңірлеріндегі теміржол вокзалдары ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуді шектеу жазылған.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com