Министрлік ШҰҒЫЛ Үндеу жасады!

by Depti
2 views

Ресейде заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін елден кетуге немесе ел аумағында болуын заңдастыруға тиіс, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

“Ресей ішкі істер министрлігінің талабына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары осы жылдың 15 маусымына дейін елден кетуге немесе Ресей Федерациясында одан әрі болуын заңдастыру бойынша шаралар қабылдауға тиіс”, – делінген хабарламада.

Заңсыз жүргендер санатына:

  • мүлдем тіркеуге тұрмаған;
  • уақытша тіркеуінің, уақытша тұруға рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткен азаматтар жатады.

Сонымен қатар заңды негіз болған жағдайда (жұмыс, оқу және тағы басқа), қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімін ұзарту үшін ішкі істер органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда олар жауапкершілікке тартылмайды.

Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартудан бас тартқандар және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылады. Оларға Ресейге кіруге шектеу қойылуы мүмкін, деп ескертті ведомство.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com