Қазақстанда

Министрлікке басып кірген әйелдер Цойдың отставкасын талап етті

Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар Денсаулық сақтау министрлігінің бас кеңсеге өту бюросына басып кіріп, денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етуде.

Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті.

Бейнежазбалар ABZHAN NEWS Telegram арнасында жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомстводағылар жиналған әйелдердің балаларға вакцина егуге және жалпы екпе салуға қарсы екенін жеткізгендерін айтты.

«Біз екпені жасөспірімдерге салып жатырмыз. Профилактикалық вакцинация ата-аналардың ерікті, жазбаша және хабардар етілген келісімі бойынша ғана жүргізіледі», – деді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Барлық сұрақтарды нақтылау үшін министрлік өкілдері – Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚҰО) филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева мен ҚОҚМ сарапшысы әйелдердің алдына шыққанымен, олар билік өкілдерін тыңдамай қойған.

Акцияға қатысушылар кездесуді талап етіп отырған министрдің өзі іссапарда жүрген көрінеді.

Артынша наразылық білдірушілер Мәңгілік ел даңғылының бойында қол ұстасқан күйінде ұрандарын айтып жүріп өтті. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button