АТЫРАУДА

Атырауда жыл басынан 10 мың тоннадан астам балық ауланды

Өткен жылғы көрсеткішке қарағанда, өсім 56 пайыз болып отыр.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Бүгінгі таңда облыста 16 кәсіпорын балық аулаумен және оны өңдеумен айналысуда. Бекіре балық шабақтарын өсіретін 2 зауыт жұмыс істейді.

Жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланды. Балықтың 9 мың тоннасы өңделіп, оның 88 проценті экспортталды» деп атап өтті облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button