Нұр-Сұлтанда тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне көтерген

by Журналист
0 views

Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды кранмен үйдің төбесіне шығарған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео Instagram парақшада жарияланды.

“Не үшін? Біреу түсіндіреді ме!? Нұр-Сұлтанда сиырды құрылыс кранымен төбеге көтерді”, – деп жазды автор.

Қолданушылар сиырды соймақ болды деген болжамын айтты. Көпшілігі мұндайды тек жабайы адамдар жасай алатынын атап өтті.

Елорда полициясы тәртіп бұзушыны жауапқа тартатынын атап өтті.

“Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан кейін құқықтық баға беріледі. Тәртіп бұзушы жауапкершілікке тартылады, – деп түсіндірді ведомствода.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com