Қазақстанда

«Отбасылық сот»: ажырасудан сақтайды

«Отбасылық сот» – жанұяларды ажырасудан сақтап, татуластыратын сот жүйесі. Мақсаты: некені сақтап қалу.   Бұл Қазақстан бойынша пилоттық жоба болып басталған.

«Отбасылық сот» жобасы бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында 1284 әкімшілік істер қаралған, олардың ішінде 703 іс татуласумен аяқталған, бұл тараптардың татуласуының 54,7% құрайды» – депті Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  Комиршинов Манат Ғалымұлы.

«Отбасылық сот» – жобасы аясында Атырау облысында арнайы судья қызмет жасайды. Мәмілеге келу  үшін 5 күн беріледі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button