Қазақ әдебиетінің қара нары өмірден өтті

by Depti
1 views

Қазақтың танымал ақыны, жазушы Есенғали Раушанов өмірден өтті, деп хабарлайды «Depti.kz» тілшісі.

Есенғали Әбдіжаппарұлы Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда дүниеге келген.

Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері. 1983–1987 жылдары «Жалын» және «Арай» журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, 1988–1995 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы қызметін атқарды. «Жазушы» баспасының директоры болды. Белгілі қаламгердің «Бастау» (1980), «Келінтөбе» (1984), «Шолпан жұлдыз туғанша» (1986), «Ғайша бибі» (1992), «Қара бауыр қасқалдақ» (1995), «Періштелер мен құстар» (2005), «Бозаңға біткен бозжусан» (2006), «Құстар біздің досымыз» (2007) секілді бірқатар жыр жинақтары жарық көрген.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com