Қазақстанда

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ТАҒЫ ДА КӨТЕРІЛЕДІ

Қазақстанда 1 шілдеден электр энергиясы қымбаттайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, энергия өндіруші ұйымдардың (ЭӨҰ) шекті тарифтерінің қазіргі деңгейі ЭӨҰ шығындарын толық көлемде жаппайды және станциялар электр қуаты нарығынан кірістердің бір бөлігін ағымдағы шығындарды жабуға бағыттауға мәжбүр болады. Бұл факт электр қуаттарының авариялық істен шығуының, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуінің оқиғаларымен расталады.

«Осындай жағдай Қазақстандық тұтынушыларды көрші елдерден электр қуаттарын реттеу жөніндегі қызметтерді жылына 8 млрд теңгеден астам сомаға сатып алуға мәжбүр етеді. Бұл да электр энергиясының түпкілікті бағасына әсер етеді», – depti департамент басшысы.

Оның атап өтуінше, біртұтас электр энергетикалық жүйесінің батыс аймағынан басқа Қазақстанның барлық аймақтары бойынша электр энергиясын іске асыратын Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифі шамалы деңгейде, яғни 0,7 пайызға ұлғаяды. Ұйымдардың басқа станциялары тарифтерінің ұлғаюы аясында Екібастұз ГРЭС-1 шекті тарифінің сақталуы соңғы тарифтерге ең аз деңгейде әсер етеді.

«44 энергия өндіруші ұйымның 9-ы бойынша тариф бұрынғы деңгейде сақталған. Бір энергия өндіруші ұйым бойынша тариф 7 пайызға төмендетілді. 18 энергия өндіруші ұйым бойынша тарифі 20 пайызға дейін өсті, қалған 16 ЭӨҰ-ның тарифі 20 пайыздан артық болды. Электр станцияларының шекті тарифтерін уақтылы түзету алдағы күзгі-қысқы кезеңдерден сәтті өту және биылдан бастап авариялық жағдайларды азайту үшін оларды жаңғырту жөніндегі жұмысты бастауға мүмкіндік береді», – depti А. Дәрібаев.


Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button