Қазақстанда

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНАН КОРОНОВИРУС ТАБЫЛДЫ

Бұл туралы Қ.Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фэйзбук парақшасында жариялады.

«Ардақты ағайын! Өкінішке қарай, бүгін аса бір жайсыз жаңалықты жариялайын деп отырмын. Әлемді айналып, елімізді шарлап кеткен коронавирус індеті менен де табылды. Кеше тапсырған тест қорытындысы оң нәтиже берді. Қазір ауруханада, дәрігерлердің қарауында жатырмын. Жағдайым бір қалыпты. Аса алаңдайтындай емес. Ем қабылдаудамын.

Осы індет басталғалы барлығымыз дабыл қағып, сақтануға, дертті жұқтырмаудың жолдарын қарастыруға шақырып келеміз. Бірақ пандемияға сенбейтін, ауруды жоқ деушілер азаймай тұр. Ондайда «Ауырған адамды көрсетіңдерші», «Менің танысымның бірде-бірі ауырған жоқ. Сонда онымен кім ауырып жатыр?», «Ауырған адамдардың аттарын неге атамайды?» деген сияқты пікірлерді жиі еститінбіз. Міне, мен дерт жұқтырдым, оны жасырмай жариялап отырмын. Мұндағы мақсат алаңсыз жүрген азаматтар ойлансын, сенбей жүрген кісілердің көзі жетсін дегенім. Ауру бар. Оны жұқтырушылардың саны күн сайын артып жатыр. Қанша жерден сақтық шараларын қатаң сақтап жүрсек те, біз де жұқтырдық. Енді емделу керек. Пандемияға жеңіл-желпі қарауға болмайды» – depti ол өз жазбасында.

Сонымен қатар, Берік Уәли Ақордада санитарлық режим күшейтіліп, қауіпсіздік шаралары қатайтылғанын да атап өтті. Алайда өзінің қауіпті індетті кімнен және қалай жұқтырғанын жазбады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button