ШҰҒЫЛ: Алматыда анасы үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кетті…

news full1637573170e705cc822ee9e73d7535086f3f6a3c9e

Алматылық әйел үш баласымен бірге 9-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағын ауданында болған.

Қазіргі уақытта әйел мен екі баласының қаза тапқаны белгілі болып отыр. Балалардың үлкені ауруханаға жетер жолда жантәсілім еткен…

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, өз өзіне қол жұмсаған әйел 28 жаста. Анасымен қоса оның 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласы да бірге құлаған.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге апару») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: