АТЫРАУДА

Атырауда күйеу баласы қайын атасының атына 5 млн теңгеге жуық несие рәсімдеп келген…

Қайын атасының атына бір жыл бойы несие рәсімдеп келген күйеу бала ұсталды.

Атырау қаласының 1956 ж.т., тұрғыны банктерден несие қарызын төлеу бойынша келісімшарт талабын орындамадыңыз деген қоңыраулар жиілеп кеткенінен күмәнданған. Мәселенің мән жайын анықтағанда 4 млн теңгеден астам несиесі бар екенін білген.

Алайда, бұл қаражаттың бірде-бірін өзі алмағанын айтып, алаяқтар алдады деп полицияға шағымданған.

Шұғыл тергеу амалдарын жүргізген полицейлер бұл қылмысқа күдікті 1987ж.т., күйеу баласын анықтап, ұстады.

-Күдікті, қайын атасының сеніміне кіру арқылы 2020 жылдың қараша айынан бастап 2021 жылдың қазан айы аралығында түрлі банктер мен қаржы ұйымдарынан 55 мың теңгеден бастап 2 млн теңге аралығында барлығы 4 499 542 теңге несие алғандығы анықталды.

Аталған алаяқтық фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Азаматтардан өзінің жеке ақпараттарын және банктік есепшоттарының құпиялығын сақтау қажеттілігін ескертеміз, – деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button