АТЫРАУДА

Атырауда қызға таласып қалған оқушылар бір-бірінің бастарын жарған

Атырауда қызға таласып қалған мектеп оқушылары бір-бірімен төбелесіп, бастарын жарған. Олардың ісі сотта қаралды.

9 сынып оқушылары мектепте бір қыздың жанына отыру үшін бір-бірімен сөзге келіп қалады. Сыныпта бітімге келе алмаған олар сабақ аяқталған соң гараж маңына барып, төбелесе бастайды. Осылайша жеңіліп бара жатқан оқушы екіншісінің басын таспен ұрса, екіншісі де дәл осылай жауап береді. Үйге бастары жарылып барған екі баланың ата-аналары арыз жазады.
Жасөспірімдер ӘҚБтК 435-бабымен (Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) кінәлі деп танылып, әр ата-анаға 14 293 теңге айыппұл салынды.

«Сот отырысында ер балалар кездестіріліп, бір-бірінен кешірім сұрады. Оларға бұзақылық әрекетке қайталауға болмайтыны қатаң ескертілді», — деп хабарлады Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының баспасөз қызметіндегілер.

«Атырау ойл» парақшасынан

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button