АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атырауда жанармай бекетіндегі көлікті айдап кетті (+ВИДЕО)

Жанар май бекетіндегі көлікті заңсыз айдап кеткендер ұсталды.

https://youtu.be/8Fh_wdGklFw

21 қараша күні сағат 8:00 шамасында 1978 ж.т., азамат белгісіз үш жігіттің Құрманғазы көшесіндегі жанар май бекетінен Ваз-21015 автокөлігін ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Шұғыл әрекет еткен бейнебақылау инспекторы «Сергек» камераларының көмегімен ұрланған көліктің бағыты мен тұрған жерін анықтады.

Сондай-ақ, заңсыз көлік айдап кеткен үшеуі көліктен түсіп белгісіз бағытқа кетіп қалған. Бейнебақылау операторы дереу Батыс-32 экипажына бағыттама беріп, 1990ж.т., 1995ж.т., және 1992ж.т., осы қылмысқа күдікті үш жігіт Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Оларға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 200-бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button