Қазақстанда

«Тәтті трамвай» жолға шығады

7 ақпанда сағат 14:30-да трамвай «Вокзал» станциясынан шығып, келесі көшелермен жүреді: Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Ломов – 1 мамыр – Торайғыров, соңғы аялдама «Вокзал». Айналу бір сағатқа созылады, – депті»Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-да. Сондай-ақ трамвай басқармасында тәттілі трамвай ақпан айында 3 рет – 7, 19 және 28 күндері жолға шығатынын атап өтті. Акция наурыз айында жалғасады. Алты фирмалық вагон қатысады. Акцияны ұйымдастырушылар тәттілер бәріне жеткілікті болатынын айтқан. Ең бастысы – дәл уақытта, тиісті аялдамада болу.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button